11.07.2024, 20:57
Жаңалықтар
Астанада Сығанақ көшесінде қозғалыс ішінара шектеледі
Учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: depositphotos.com
Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты Айтматов көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскедегі Сығанақ көшесінде қозғалыс ішінара шектеледі. Көшені жабу осы жылдың 13-28 шілде аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы бір бағытта жүзеге асырылады», - делінген әкімдік хабарламасында.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Көп оқылған
21.09.2026, 16:52
Апалы-сіңлілі екі әйел 2 жыл бойы Астананың сол жағалауында 18 жасқа толмаған қыздарды жезөкшелікке тартып келген (ВИДЕО)
21.09.2026, 10:57
«Арасында 52 ұл, 17 қыз бала бар»: ішкі істер министрлігі Қазақстандағы ата-аналарға шұғыл мәлімдеме таратты (ВИДЕО)
21.09.2026, 13:08
Машинист байқап қалған: теміржол маңында жүрген төрт жасар бүлдіршіннің ата-анасы табылды