ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Azattyq Rýhy

Полиция қызметкерінің жұмысына кедергі келтірген жүргізуші 15 тәулікке дейін қамалады

Ішкі істер министрлігінде жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соңғы кездері БАҚ пен әлеуметтік желіде полиция қызметкерлерінен жедел-профилактикалық іс-шаралардың өткізілуі туралы құжаттарды талап етіп, олардың жұмысына кедергі келтіру сәттері бейнеленген видеолар жариялануда.

«Жол жүрісі туралы» заңда және Жол жүрісі қағидаларында көлік құралын тоқтату кезінде полиция қызметкерлері мен жүргізушілердің іс-қимылының нақты тәртібі айқындалған. Көлікті тоқтату кезінде полиция қызметкері өзін таныстырып, қызметтік куәлігін көрсетіп, тоқтату себебін түсіндіруі қажет.

«Жүргізуші өз кезегінде ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талаптарын орындауға міндетті. Ал полиция қызметкері жедел-профилактикалық іс-шараның өткізіліп жатқанын растайтын құжаттарды көрсетуге міндетті емес. Полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамау, қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның жұмысына кедергі келтіру 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады», – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.