$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде алғаш рет ветеринария қызметкерлері күні тойланады

Мереке 10 шілдеге белгіленді

Елімізде алғаш рет ветеринария қызметкерлері күні тойланады
Фото: istockphoto.com

Биылдан бастап 10 шілде Қазақстанда «Ветеринария қызметкерлері күні» болып бекітілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті осы саладағы қызметті реттейтін және бақылайтын негізгі органға айналды.

Жаңа мереке жануарлардың денсаулығы мен жануарлардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосатын ветеринарлық мамандардың еңбегінің маңыздылығын атап өтуге арналған.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 17 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада аумақтық инспекцияларды, сондай-ақ 203 аудандық ветеринариялық станцияларды, 2 334 ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерді қамтиды. Бұл ауылдық округтерден бастап республикалық деңгейге дейін барлық деңгейде бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Серіктес жаңалықтары