Семейде қатты жаңбыр жауып, қала көшелерін су басып қалды

Azattyq Rýhy

Сол жағалаудағы айналма жол жаңбыр суынан толықтай тазартылды

Семейде қатты жаңбыр жауып, қала көшелерін су басып қалды
Фото: t.me/semeyakimdigi

Семейде қатты жаңбыр жауып, көшелерді су басты. Коммуналдық қызметтер жауынның салдарымен күресіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, соңғы тәулікте қалада жауын-шашынның айлық нормасы түсті, осыған байланысты нөсерлі кәріз жүйесінде көп мөлшерде су жиналды.

«Қазіргі уақытта суды тазартуға 14 бірлік вакуумдық ассенизатор, 8 бірлік жылжымалы мотопомпа және 8 бірлік цистерналары бар автомашиналар жұмылдырылған. Қазіргі таңда 7 мың текше метрден астам су сорылды. Сол жағалаудағы айналма жол жаңбыр суынан толықтай тазартылды. Айта кету керек, коммуналдық қызметтер тек айналма жолда ғана емес, сонымен қатар қаланың басқа бөліктерінде де (Қарағайлы ауданы, Шығыс кенті, Қабанбай батыр көшесі, Селевина көшесі, т.б.) су тазалау жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда», - деп хабарлады әкімдіктен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.