Сенат спикері: Суицид – жүйедегі ақаулардың белгісі

Azattyq Rýhy

Айтуынша, бұл мәселелерді тиісті тәсілмен шешуге болады және оларды шешу керек

Сенат спикері: Суицид – жүйедегі ақаулардың белгісі
Фото: freepik

Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев өскелең ұрпақ арасындағы суицид, буллинг мәселесін қозғады. Бұл туралы Azattyq Rýhy палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол өз сөзінде буллинг, суицид – отбасындағы, қоғамдағы, білім беру жүйесіндегі ақаулардың белгісі екенін айтты. Айтуынша, бұл мәселелердің барлығын тиісті тәсілмен шешуге болады және оларды шешу керек. Сенат спикері тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолдарын талқылау барысында осындай пікір білдірді.

«Байқап отырғанымыздай, өз-өзіне қол жұмсау барлық жас санатында бар. Егде жастағы адамдар өз-өзіне қол жұмсаса, біз бұл қоғамды не үшін құрамыз? Егер бұл тенденциялар сақталса, онда біздің механизмдеріміз жұмыс істемейді деген сөз. Осы мәселені талқылау керек, оларды шешудің жаңа жолдарын бірге табу керек», - деді палата спикері.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.