Астанада дрондар шоуын 100 мыңнан астам тамашалады
ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концертінен кейін «ASPAN» Жарық дрон-шоуы өтті

Елорда күніне орай қала тұрғындары мен қонақтары үшін аспанда дрондардың бірегей шоуы ұйымдастырылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
6 шілдеде ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концертінен кейін «ASPAN» Жарық дрон-шоуы өтті.
Дрондар түнгі аспанда төмендегідей бейнелерді көрсетті:
- Жер Планетасы;
- Қазақстан картасы;
- Шаңырақ;
- Зымыран және Сатурн;
- Бәйтерек;
- «Таза Қазақстан»;
- Қазақстан Туы;
- Жүрек және Астана.
«Дрондар шоуы үшін аспанға 1250 жылдамдықты радиомен басқарылатын аппарат ұшырылды, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Олар қазақстандық және шетелдік композиторлардың музыкасымен үндестірілді.
Айта кету керек, 100 мыңнан астам адам «Open Air» мерекелік концертіне және дрондар шоуына қатысты. Түрлі-түсті жарық шоуы демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған», - делінген әкімдік хабарламасында.