04.07.2024, 10:50
Жаңалықтар
Мемлекеттен бір жарым миллионды кім ала алады
Республика бойынша 4 655 адамға грант беріледі
Фото: freepik.com
Business.enbek.kz порталында 15 шілдеден бастап екінші лек бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Республика бойынша 4 655 адамға грант беріледі.
Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты – жаңа бизнесті бастау және дамыту.
Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Өтінім беру үшін қажет:
- Порталда тіркелу;
- Грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
- Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
- Өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.
Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді