Бүгін еліміздің батыс аймағында қатты ыстық күтіледі

Azattyq Rýhy

Қазгидрометтің болжамы бойынша, кей өңірде найзағай ойнауы ықтимал

Бүгін еліміздің батыс аймағында қатты ыстық күтіледі
Фото: istockphoto.com

Бүгін Алматы облысында,  Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының шығысында Абай облысының солтүстік-батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарының батысы мен солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында, Атырау облысының батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, Батыс Қазақстан облысының  батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының орталығында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Сондай-ақ Астанада таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жоғарғы өрт қауіпі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.