Қазақстан арқылы Ресейге жөнелтілген «қара өрік» өнімінде карантиндік объект анықталды
Өнім экспорттаушы елге Қырғыз Республикасына кері қайтарылды
Қырғыз Республикасымен шекаралас «Қарасу» (Жамбыл облысы) фитосанитариялық бақылау бекетінде карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізу кезінде Ресей Федерациясына жөнелтілген «қара өрік» өнімінде карантиндік объект – Комсток сымыры анықталды. Бұл факт карантиндік зертханалық сараптаманың қорытындысымен расталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy мемлекеттік инспекция комитетіне сілтеме жасап.
Жалпы салмағы 19 200 кг құрайтын барлық залалданған өнім экспорттаушы елге Қырғыз Республикасына қайтарылды, сондай-ақ өнім өкіліне қатысты айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылды.
«Сондай –ақ, бұған дейін карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының инспекторы Ресей Федерациясынан келген банан партиясынан (28,08 тонна) карантиндік объект-Шығыс ұнтақты сымыры табылды. Осы факт бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, бұдан әрі құжаттар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді. Сот шешімімен 28,08 тонна жаңа банан тоңазытылды (зарарсыздандырылды)», - делінген хабарламада.
Комсток сымыры, Шығыс ұнтақты сымыры сияқты, өсімдіктердің көптеген түрлерін қоныстандыруға қабілетті полифаг. Негізгі жемдік өсімдіктер-алмұрт, алма ағашы, анар, шабдалы, жүзім, тұт, терек; одан басқа көкөніс дақылдарын – қызылша, сәбіз, картопты зақымдауы мүмкін.
Жоғарыда аталған зиянкестер қауіпті карантиндік объектілер болып табылады, осыған байланысты уақытында анықтау, оқшаулау және жою маңызды. Карантиндік нысандардың таралуы ауыл шаруашылығына зиян тигізуі мүмкін.