30.06.2024, 12:58
Жаңалықтар
ШҚО-да ер адам жартасқа шығып, өз бетінше түсе алмай қалған
ШҚО-да құтқарушылар ер адамға көмекке келді
Фото: Видеодан скрин
Глубокое ауданында Ново-Үлбинка ауылының маңында 1991 жылы туған ер адам жартасқа көтеріліп, өздігінен түсе алмаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, көмекке келген құтқарушылар оны жартастан түсіріп, арнайы костюм кигізіп су қоймасы арқылы өткізген. Содан кейін оны облыс орталығына жеткізді.
«Саяхатшыға медициналық көмек қажет болмады.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)