29.06.2024, 16:51
Жаңалықтар
Өскеменде болған өрттен 12 адам құтқарылды
Құтқарылғандар арасында 5 бала бар
Фото: Видеодан скрин
Өскеменде Қазыбек Би даңғылында алты қабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт шықты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өрттен құтқарушылар 12 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 5 бала. От 10 ш.м. аумақта жедел түрде жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Ведомство мәліметінше, өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
«ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Жағдайды өртке жеткізбеңіз. Өртті тудыруы мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жойыңыз», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
