Жетісайда күн электр станциясы пайдалануға берілді
Электр энергиясы 81 күн модулінен 158 жылжымалы «үстелге» бөлінген 12 798 күн панелімен генерацияланады
Жетісай ауданында таза энергия үлесін ұлғайту үшін қуаты 4,8 МВт болатын «Жетісай КЭС» күн электр станциясы пайдалануға берілді. Электр станциясының меншік иесі – жобаны өз қаражаты есебінен іске асырған «Компания Adi» ЖШС. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Электр станциясын салу кезінде белгіленген бұрышы бар таңертең-кешке бір осьті трекер жүйесін қолдана отырып, жеке қуаты 375 Вт бифункционалды екі жақты панельдер пайдаланылды. Трекер жүйесін пайдалану электр станциясының өндірісін 30% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыс ауданы 10,7 га бұрынғы қоқыс полигонының аумағында жүзеге асырылды. Құрылыстың белсенді кезеңінің басталуы – 2019 жылдың тамыз айы»,- делінген хабарламада.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 42 адам жұмылдырылды, қазіргі уақытта станцияға 14 адамнан тұратын персонал қызмет көрсетеді.
Жоба «жасыл» экономика саясатына сәйкес келеді және Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуына ықпал етеді. Атмосфераға СО2 шығарындыларын азайту жылына 6048 т құрайтын болады. Жобаны іске асыру барысында қосымша жұмыс орындары құрылды. Сонымен қатар, электр энергиясы көзінің таусылмайтынын және қол жетімділігін атап өткен жөн. Бұл жобаның өтелу мерзімі 7 жылды құрайды.
«Желіге жоспарлы жыл сайынғы электр энергиясын беру – 7 219 000 кВт. Электр энергиясы 81 күн модулінен 158 жылжымалы «үстелге» бөлінген 12 798 күн панелімен генерацияланады. Тұрақты токты айнымалы токқа түрлендіру үшін электр станциясында блоктық-модульдік қондырғыға біріктірілген, әрқайсысының жеке қуаты 1 250 КВт 4 инвертор қарастырылған»,- делінген ресми ақпаратта.