Аптап ыстықтың соңы нөсерге ұласады – Қазгидромет
Тек еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды

Елімізде аптап ыстықтың соңы нөсер жаңбырға ұласады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында +40+43°С дейін өте қарқынды аптап ыстық сақталады.
«27 маусымда солтүстік-батыста, 28-29 маусымда оңтүстікте, 29 маусымда солтүстікте, орталықта аптап ыстық төмендейді деп күтілуде», - деді синоптиктер.
Болжам бойынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауқымды циклон әсер етеді, соның салдарынан республиканың батыс және солтүстік-батыс облыстарында найзағаймен бірге қатты жаңбыр жауады, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
Тек еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.