24.06.2024, 23:41
Жаңалықтар
Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жабылады
Аталған учаскеде жол төсеміне жөндеу жүргізіледі
Фото: Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Сығанақ көшесі бойынша жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты 25 маусым сағат 00:00-ден 28 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына жол жүргенде кептелісте қалмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау қажет екенін еске саламыз.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды