Илон Масктың он екінші баласы дүниеге келді

Azattyq Rýhy

Жаңа туған нәрестенің аты мен жынысы әлі айтылған жоқ

Илон Масктың он екінші баласы дүниеге келді
Фото: X / @shivon

SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск пен Neuralink арнайы жобаларының директоры Шивон Зилистің үшінші баласы дүниеге келді. Бұл ақпаратты миллиардер Page Six басылымына растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ретте кәсіпкер сәбидің дүниеге келуі көптеген БАҚ жариялағандай құпия болмағанын айтты.

«Біздің барлық туыстарымыз бен достарымыз білетін. Бұл оқиға туралы пресс-релиздің жоқтығы баламыздың жасырын түрде өмірге келгенін білдірмейді», - деді Маск.

Басылымның хабарлауынша, дүниеге келген нәресте – Масктың 12-ші баласы, ал Зилиспен ортақ үшінші баласы. Жаңа туған нәрестенің аты мен жынысы әлі айтылған жоқ. 2021 жылы Маск пен Зилис егіздердің ата-аналары болды.

Маск бұған дейін туудың төмен деңгейін «өркениет үшін ең үлкен қауіптердің бірі» деп атаған. Әлемдегі ең бай адамның пікірінше, «демографиялық күйреу» - адамзат алдында тұрған ең үлкен мәселе.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.