22.06.2024, 20:13
Жаңалықтар
Петропавлда суға батып кеткен 10 жасар баланың денесі табылды
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Фото: istockphoto.com
Петропавлда Есіл өзеніне шомылуға барып, батып кеткен 10 жасар баланың денесі қала маңындағы елді мекендердің бірінің жанынан табылды. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, суға кеткен баланың денесін іздеуге бүгін таңғы сағат 8.30-дан кете 12 құтқарушы, екі арнайы техника, ұшқышсыз басқарылатын ұшатын аппарат және еріктілер шыққан.
«Сағат 16.00 шамасында 2014 жылы туған Саймухиддиновтың денесі Петропавлдан шамамен 20 шақырым жерден, Соколовка елді мекені маңынан табылып, судан шығарылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды