$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда жағымсыз иіс үшін кәсіпорынға 923 млн теңге айыппұл салынды

Тексеру кезінде экологиялық заң бұзушылықтар анықталды

Атырауда жағымсыз иіс үшін кәсіпорынға 923 млн теңге айыппұл салынды
Фото: freepik.com

Атырауда медициналық қалдықтарды жою пешінен шыққан жағымсыз иіс үшін «Атаким» ЖШС-не 923 мың теңге айыппұл салынды. Енді оның жұмысы тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы Атырау облыстық экология департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департменттің мәліметінше, бұл туралы жергілікті тұрғын 22 мамырда шағым түсірген. Оның шағымында 6 және 19 мамырда жағымсыз иіс шыққаны айтылған. 

«Біздің департаментке жүгінген жергілікті азамат А.Қ. Атырау қаласындағы «Самал» шағын ауданы мен Сарыөзек ауылында жағымсыз иіс байқалғанын айтып шағымданды. Жағымсыз иіс Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы аймағында орналасқан «Атаким» ЖШС-нің медициналық қалдықтарды жою пешінен шыққан. Осыған орай департамент мамандары аталған серіктестіктің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру кезінде экологиялық заң бұзушылықтар анықталды. Соған байланысты серіктестікке әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 923 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды», - делінген департаменттің хабарламасында.

Сондай-ақ, департамент басшылығы Атырау облысының мамандандырылған экономикалық ауданаралық сотына «Атаким» ЖШС-нің қызметін тоқтата тұру туралы талап-арыз жолдады.

Серіктес жаңалықтары