Алматыда сел жүруі мүмкін

Azattyq Rýhy

22 маусымда жауын жауып, найзағай ойнайды

Алматыда сел жүруі мүмкін
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК Алматыда ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ескертуге сәйкес, Алматы қаласында 22-24 маусым күндері қатты жауын-шашынға байланысты өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіпті белгілерден асқан жағдайда тау бөктері мен оған жақын аудандарда су тасқыны болуы мүмкін.

«22 маусымда жауын жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Осыған байланысты ТЖД тұрғындарды жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырды.

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауып, дауылды жел соғады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.