$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бельгияда жезөкшелік өзге мамандықтармен теңестірілді

Аталған қызметті ұсынушыларға декреттік демалыс төленеді

Бельгияда жезөкшелік өзге мамандықтармен теңестірілді
Фото: euronews

Бельгияда секс-индустрия қызметкерлерінің әлеуметтік құқықтарын қорғауды және келісімшарт негізінде жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін заң қабылданды. Дегенмен, көптеген құқық қорғаушылар бұл туралы оң пікірде емес, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Биылғы жылдың мамыр айында Бельгияда қабылданған заңның арқасында жезөкшелікпен айналысатындар жақында басқа мамандықтар өкілдерімен тең әлеуметтік құқықтарға ие болады. Жаңа ережелер оларға лицензияланған жұмыс берушілермен келісімшарт жасауға мүмкіндік береді - бұл күрделі секторда тәртіп орнатуға бұрын-соңды болмаған талпыныс.

Бұрын Бельгиядағы хостес-барлар мен эротикалық массаж салондары «сұр» құқықтық аймақта өмір сүрді: жезөкшелерге қолма-қол ақша төленетін немесе оларды даяшы ретінде жалдайтын. Заңның жақтастарының пікірінше, бұл әртүрлі қиянатқа жол ашып отырды.

Сутенерліктің кейбір түрлері үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастап, бельгиялық билік бұл сектор үшін нақты ережелерді бекітуді көздейді. Бұл заң аталған бағытта жұмыс істейтін әйелдерге жәрдемақыға, медициналық сақтандыруға және декреттік демалысқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Серіктес жаңалықтары