$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды

Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр

Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедиция өткен Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты. Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

«Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласындағы мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған. Экспедиция зерттеу жүргізген Коғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады», - делінген хабарламада.

Қазір «Таңбалы» ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты алғашқы консервациялық жұмыстар жүргізілуде.

Археологиялық қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары