Астанада суға батып кете жаздаған жасөспірімді құтқарған сарбаз медальмен марапатталды

Azattyq Rýhy

Оған «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі табысталды

Астанада суға батып кете жаздаған жасөспірімді құтқарған сарбаз медальмен марапатталды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Астанада ҚР Төтенше жағдайлар министрі Щыңғыс Әріновтың  бұйрығына сәйкес  судан адам құтқару кезінде батылдық пен өжеттілік танытқаны үшін Ұлттық ұланның әскери бөлімінің қатардағы сарбазы Махмет Әлішер марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«5573 әскери бөлімінде Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев Махмет Әлішерді «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттап, адам құтқару кезіндегі танытқан қырағылы мен жедел әрекеттері үшін оған алғыс білдірді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 15 маусымда кешкі уақытта патрульдеу кезінде Ақбұлақ өзенінде өздігінен судан шыға алмаған ер адамды көріп, көмекке асыққан. Әлішер ойланбастан суға түсіп, нәтижесінде 2008 жылғы жасөспірім құтқарылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.