Министр 5G интернетін енгізу қашан аяқталатынын айтты
Салаға салынатын инвестиция көлемі 450 млрд теңгеден асады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев елімізде 5G интернетін енгізу қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«5G технологиясын одан әрі дамытуға қатысты Kcell және Tele2 Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында 5G-ді дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырады. Бүгінде 20 қалада 1 144 базалық станция орнатылды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс. 2027 жылдың соңына дейін байланыс операторларының салаға салатын инвестиция көлемі 450 млрд теңгеден асады», - деді Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.
Сондай-ақ министр мобильді интернетке қосылмаған ауылдар барын айтты. Бүгінде 1 424 ауыл мобильді интернетке қол жеткізе алмай отыр.