Шомылу маусымы: Қазақстанда 45 адам суға батып кетті

Azattyq Rýhy

Өлімнің 95 %-і тыйым салынған орындарда тіркеледі

Шомылу маусымы: Қазақстанда 45 адам суға батып кетті
Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында Қазақстанда шомылу маусымы басталғаннан бері қанша адам суға батып кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ басшысының айтуынша, жыл сайын суда жүздеген адам қаза табады, олардың басым бөлігі жазғы кезеңде.

«2020 жылдан бері судағы адам өлімінің саны 437-ден 227-ге дейін азайды. Құтқарушылар жыл басынан бері 76 адамды, суға шомылу маусымы басталғалы 24 адамды құтқарды. Ағымдағы жылдың басынан бастап 45 адам, ал 1 маусымнан бері 27 адам суға батып кетті»,- деп хабарлады Әрінов.

Су айдындарында ТЖМ 42 құтқару бекеті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Келесі жылы Шалқар, Имантау көлдерінің бойында және Қосшы қаласында 3 модульдік станцияның құрылысы аяқталады. Бірақ ірі су қоймаларында 15 станция жеткіліксіз.

«Суға батып кеткендердің 95 %-і тыйым салынған орындарда тіркелетінін ескере келе, әкімдіктермен бірлесіп суға шомылу мен демалуға рұқсат етілген орындарды жылдан жылға ұлғайтудамыз. Олардың саны бүгін 708-ге жетті және барлығы 2GIS платформасында орналасқан. Маусым айының аяғына дейін тағы 33 жағажай қосымша ашылатын болады»,- деді Шыңғыс Әрінов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.