ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасының құрылысы қашан аяқталады

Azattyq Rýhy

Көпір құрылысының 85 пайызы орындалған

ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасының құрылысы қашан аяқталады
Фото: istockphoto.com

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы 2021 жылы басталған. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аймақ тұрғындары елу жыл бойы күткен нысан жоспар бойынша биыл желтоқсан айында пайдалануға берілуге тиіс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Yk-news.kz-ке сілтеме жасап.

Төрт ауданды байланыстыратын нысанның стратегиялық және әлеуметтік маңызы зор. Әрі бұл еліміздегі ең ұзын көпір болмақ. Нысан Бұқтырма арнасының ең тар тұсында салынып жатыр. Бұл — Құйған ауылының маңы. Соның өзінде көпірдің ұзындығы 1,3 шақырымнан асады, ал ені 12 метрге жуықтайды. Көпірдің орта шенінде ірі су көліктеріне арналған екі өткел болады. Бұл тұста көпірдің биіктігі 18 метрге жетеді деп жоспарланып отыр. Сонда ені жетпіс бес метрге жуық кемелер еркін қатынай алатын көрінеді. Көпір құрылысы аяқталған соң жол жұмыстары басталмақ. Оң жағалаудағы 1,3 шақырым, сол жағалаудағы 17,2 шақырым қара жолға асфальт төселеді деп жобаланған.

Көпір құрылысының 85 пайызы орындалған. Қазір бұрғылау, бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Мұндай нысан елімізде алғаш рет салынып жатыр.

Жауапты мамандардың сөзінше, жұмысшылар да, техника да, қаражат та жеткілікті. Қазір 184 адам екі ауысымда жұмыс істеп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.