Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Azattyq Rýhy

Президент халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямағанын атап өтті

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша мұсылман қауым асыға күтетін Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент бұл мереке имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсіретінін айтты.

«Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор.  Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі. Ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатыр. Халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Көктемдегі алапат тасқын кезінде жұртымыздың осы асыл қасиеті айқын көрінді. Біз ырысты ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты жеңеміз. Айттан айтқа аман-есен жете берейік! Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Әр шаңыраққа амандық, толайым табыс тілеймін!», - деді Президент.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.