ХОК ресейлік және беларусь спортшыларын Олимпиадаға қатыстыруға рұқсат берді

Azattyq Rýhy

Алтын медаль алған жағдайда ресейлік және беларусь спортшылар арнайы жасалған сөзсіз музыкамен марапатталады

ХОК ресейлік және беларусь спортшыларын Олимпиадаға қатыстыруға рұқсат берді
Фото: Martial Trezzini/AP

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Париждегі Олимпиада ойындарына Ресей мен Беларусь спортшыларының нейтралды мәртебеде қатысуына рұқсат берді. Олар медаль алатын жағдайда арнайы сөзсіз музыкамен марапатталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

ХОК Париждегі Олимпиада ойындарына қатысуға 14 ресейлік және 11 беларусь спортшысын алғаш рет бекітті.

Халықаралық Олимпиада комитеті спортшылар Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдады ма және әскери немесе мемлекеттік қауіпсіздік қызметтерімен байланысты спорт клубтарымен байланысы бар-жоғын тексерді.

Алдымен велоспорт, гимнастика, тхэквондо, ауыр атлетика және күрес түрлері қарастырылды. Басқа олимпиадалық спорт түрлерінің тізімдері бірнеше күннен кейін жарияланады деп күтілуде. Сенбі күні бекітілген спортшылар арасында Беларуссиядан батутта секіру бойынша қазіргі олимпиада чемпионы Иван Литвинович және мансабында үш рет Гранд-турларда үздік ондыққа кірген ресейлік велоспортшы Александр Власов бар.

Олимпиадаға қатысуға рұқсат етілген ресейлік спортшылар қатарында велоспортшылар Тамара Дронова мен Алена Иванченко, күресшілер Начын Монгуш, Шамиль Мамедов, Арслан Багаев, Абдулла Курбанов, Алан Остаев, Магомед Муртазалиев, Наталья Малышева, Вероника Чумикова, Алина Касабиева және Елизавета Петлякова, сондай-ақ батутта секіру бойынша Анжела Бладцева бар.

Беларусь спортшылары арасында Анна Терех (жол велоспорты), Виолетта Бордиловская (батутта секіру), Сюзанна Володько және Евгений Тихонцов (ауыр атлетика), сондай-ақ күресшілер Егор Акулич, Владислав Козлов, Абубакар Хаслаханов, Дмитрий Зарубский, Виолетта Ребикова және Кристина Сазыкина бар.

Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Олимпиада ойындарына қанша ресейлік және беларусь спортшылары қатысатыны әлі белгісіз.

ХОК ресейлік және беларусь атлеттерін Париждегі Олимпиаданың ашылу рәсімінде спортшылар шеруіне қатыстырмайды. Алтын медаль алған жағдайда ресейлік және беларусь спортшылар арнайы жасалған сөзсіз музыкамен марапатталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.