$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобы Көкшетаудағы зауыттарды аралады

Петиция бастамашылары «КАМАЗ-Инжиниринг» зауытына кіріп аралаудан бас тартты

Утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобы Көкшетаудағы зауыттарды аралады
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Жұмыс тобының мүшелері утиль алымы мәселелері жөніндегі петицияны қарау аясында Көкшетау қаласындағы көлік құралдары және ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын зауыттарды аралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Жұмыс тобының мүшелері алдымен КамАЗ шассиінде жүк көліктерін, самосвалдарды және арнайы техникаларды құрастыратын «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ-ға келді. Компания техниканың кең ассортиментін шығарады, олар қуатқа қанық тракторлар, астық жинайтын комбайндар, топырақ өңдейтін техникалар, орама тайлағыш-жинағыш, тіркемесі бар тракторлар және т.б.

«Одан бөлек, «КАМАЗ-Инжиниринг» мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қамтамасыз етеді. Сол себепті кәсіпорынға барған кезде зауыт аумағында ұялы телефондарға фото және бейне түсіруге тыйым салатын белгілі ережелер бар. Бұл факт петиция бастамашыларына ұнамады, олар Жұмыс тобының құрамында «КАМАЗ-Инжинирингке» кіріп аралаудан бас тартты. Содан кейін Жұмыс тобы ауыл шаруашылығы, мамандандырылған және коммуналдық техниканы құрастыру және жеткізумен айналысатын «Қазақстан агро инновациялық корпорациясы» ЖШС барды. Онда металл кесетін цех, дәнекерлеу станоктары, компрессорлар және басқа да жабдықтар түрлері, бөлшектер мен адаптерлерді бояу және құрастыру цехы, сондай-ақ тетіктер мен бөлшектерді жылжытуға арналған 3 арқалық-кран бар», - делінген хабарламада.

Жұмыс тобының қатысушылары барған тағы бір кәсіпорын - «Kazrost Engineering LTD». Ол «РОСТСЕЛЬМАШ» маркасының ауыл шаруашылығы техникаларын шығарады. Жеке компанияның құрамына 11 алаңда орналасқан 13 кәсіпорын кіреді. Кәсіпорын өнімдерін Қазақстанның түкпір-түкпірінен тау-кен байыту комбинаттары мен мұнай-газ компаниялары, колхоздар мен коммуналдық шаруашылықтар, құрылыс компаниялары мен жеке кәсіпкерлер сатып алады. 

Естеріңізге сала кетейік, Жұмыс тобының құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің вице-министрлері, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Жасыл Даму» АҚ, «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы» ЗТБ, өкілдері, сонымен қатар петиция бастамашылары - «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдері кірген.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Жұмыс тобының мүшелері зауыттардың өндірістік циклімен танысу үшін кәсіпорындарды аралады, бұл утиль алымы мәселелері бойынша петицияны толығырақ қарастыруға мүмкіндік беретінін жеткізді. Министрлік алдағы уақытта жұмыс барысы туралы өзінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде хабарлайтын болады.

Серіктес жаңалықтары