Ақмола облысында бірнеше рет аса ірі көлемде алаяқтық жасағандар сотталды

Azattyq Rýhy

Сотта сотталушылар жәбірленушілерден ақша алғанын мойындады

Ақмола облысында бірнеше рет аса ірі көлемде алаяқтық жасағандар сотталды
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында бірнеше рет аса ірі көлемде алаяқтық жасаған қылмыскерлер 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

СОттың мәліметінше, сотталушылар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін тергеуші ретінде таныстырған. Артынша, олардың жақын туыстары жол-көлік оқиғасын жасағанын және қылмыстық істі тоқтату, оларды жауапкершіліктен босату үшін белгілі бір сомада ақша аударуды ұсынған. Сеніп қалған тұрғындар алаяқтардың шарттарымен келісіп, сұраған ақшасын берген.

Мәселен, Көкшетау қаласында СҚО екі тұрғыны өзге адамдармен сыбайласып, тұрғындардың ақшасын жымқырған. Олар алаяқтық жолмен тапқан ақшаның бір бөлігін өздеріне қалдырып, қалғанын «жұмыс берушінің» есепшотына аударып отырған.

Сотта сотталушылар жәбірленушілерден ақша алғанын мойындады. Бұдан басқа, олардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, ақша аударымдарын жүзеге асыру сәттері және істің басқа материалдары түсірілген айырбастау пункті мен банктің бейнебақылау камераларының бейнежазбаларымен расталды.

«Сот үкімімен айыпталушылардың әрбіреуі 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жәбірленушілердің пайдасына ортақ тәртіппен сотталғандардан келтірілген залал сомалары өндірілді. Облыстық сот алқасы сотталғандар мен олардың адвокаттарының апелляциялық шағымдары бойынша осы қылмыстық істі қарап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.