11.06.2024, 07:51
Жаңалықтар
БҚО-да 18 жастағы жігіт төрт күннен бері табылмай жатыр
Ол үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткеннен оралмаған
Фото: polisia.kz
Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт төрт күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңірлік ПД мәліметінше, Бәйтерек ауданы Рубежин ауылында тұратын Игорь Исраилов 6 маусым күні үйінен белгісіз бағытта шығып кеткеннен оралмаған.
«Бойы 175-180 см, арықша келген, қысқа қиылған шашы ақшыл. Аутизммен ауырады. Үстіне қара көйлек, көк шорты, аяғына көк кроссовка киген. Көрген-білген жандар болса, 8-777-184-04-90, 8-705-796-68-68 немесе 102 телефонына қоңырау шалулары сұралады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
29.08.2026, 07:23
Жаңбыр, найзағай және аптап: 29 тамызда елде құбылмалы ауа райы күтіледі
29.08.2026, 08:31
Алматыдағы кафеден өрт шықты: құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады
29.08.2026, 20:31
Үсік, нөсер және қатты жел: 30 тамызда ауа райы бұзылады
29.08.2026, 15:20
30 тамыз күні ауа райы қандай болады