$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.04.2020, 11:09
Жаңалықтар

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2,7 млн адамнан асты

Дүниежүзінде 190 635 адам қауіпті індет құрбанына айналды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2,7 млн адамнан асты
Фото: Милан, дүкен алдындағы кезек / EPA/Vostock-phot

Бүгінгі күні әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 2 725 920 адамға жетті. Worldometers.info сайтында келтірілген деректерге сүйенсек, 745 905 адам ауруынан жазылып шықты. Ал 191 061 адам қауіпті індет құрбанына айналды.  

Әлемде ең көп науқастар тіркелген ел әлі де АҚШ болып отыр. Бұл елде 886 204 адам ауру жұқтырса, індет басталғалы 50243 адам бақилық болды. 89 250 науқас ауруынан жазылып шықты.

Италияда ауру жұқтырғандар саны 189 973 адамға жетті. Індет басталғалы 25 549 адамынан айрылған бұл елде 57 576 пациент қауіпті дерттен сауығып шықты.

Испанияда 198 674 адам коронавирус жұқтырған. Індет басталғалы 20 453 науқас көз жұмған Испанияда 77 357 адам қауіпті вирусты жеңіп, жазылып шықты.

Францияда 158 183 адам ауру жұқтырған. Бұл елде COVID-19 індетінен 21 856 адам бақилық болды. 42 088 адам дертінен сауықты.

Германияда 153 129 адам қауіпті індетке шалдықты. 5575 адам қайтыс болды. 103 300 пациент ауруынан сауықты.

Ұлыбританияда жалпы саны 138 078 адам індет жұқтырған. Бұл елде коронавирустан көз жұмғандар саны 18 738 адамға жетті.

Түркияда 101 790 адам ауру жұқтырса, қайтыс болғандар саны 2491 адамға жетті.   

Иранда да 87 026 адам ауру жұқтырған. 5481 өлім жағдайы тіркелді. 64 843 адам ауруынан сауығып шықты.

Қытайда COVID-19 індетімен ауырғандар саны 82 804 адамға жетті, оның ішінде 77 257 адам ауруынан сауығып шықты. Жалпы елде 4632 өлім жағдайы тіркелген.

Ресейде қауіпті індет жұқтырғандар саны 62 773 адам болды. Барлығы 555 пациент көз жұмды. 4 891 адам сауығып шықты.

Өзбекстанда 1758  адам қауіпті инфекция жұқтырды, 561 адам жазылып шықты. Барлығы 7 адам коронавирустан көз жұмды.

Қырғызстанда 631 адам індетке шалдықты, 8 адам бақилық болды, 302 науқас емделіп шықты.

Қазақстанда бүгінгі күні 2334 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Қауіпті індеттен 22 адам көз жұмды. 560 адам ауруынан жазылып шықты.  

Серіктес жаңалықтары