Спорт секцияларына полиция есебінде тұрған балалар бірінші кезекте тіркеледі
Балаларды спорт секцияларына қабылдау тәртібі өзгерді
Туризм және спорт министрлігі балаларды тегін спорт секцияларына кезекке қою бойынша енгізілген өзгерістер туралы хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомствоның мәліметінше, полиция есебінде тұрған балалар бірінші кезекте порталда тіркеледі.
«Енді спорт секциясына қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі. Сондай-ақ баланың және заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), спорт секциясының түрі, өтініштің нөмірі мен уақыты, секундтың үлесіне дейін дәлме-дәл, кезектегі реттік нөмірді қамтитын ақпараттық жүйе ұсынған мәліметтер негізінде бөлуге арналған орындардың тізімін қамтиды. Кезек балалардың заңды өкілдерінің берген өтініші бойынша баланың жас шектеулері ескеріле отырып, өнім берушінің әрбір спорт секциясы бойынша жеке құрылады», - делінген хабарламада.
Кезектегі орындармен алмасуға рұқсат етілмейді. Ал, егер жеткізушінің өзі ваучерді қайтарып алса, онда бала өз кезегіне қайта оралады.
Ведомство мұндай түзетулерді 17 мамырдағы бұйрықпен енгізді.