$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да электр бағаны құлап, бірнеше ауыл жарықсыз отыр

Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

БҚО-да электр бағаны құлап, бірнеше ауыл жарықсыз отыр
Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында 6 маусым күні күшті желдің салдарынан электр бағандары құлап, Ақжайық, Сырым, Теректі аудандарының 10 ауылы (1 435 жеке тұрғын үй, 25 әлеуметтік нысан) жарықсыз қалған болатын. Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 9 маусым күнгі сағат 20.00-дегі мәлімет бойынша Сырым ауданында Аралтөбе (50 абонент, 2 әлеуметтік нысан), Бұлан (176 абонент, 7 әлеуметтік нысан), Өлеңті (100 абонент, 2 әлеуметтік нысан), Талдыбұлақ (46 абонент, 1 әлеуметтік нысан), ішінара Алғабас (43 абонент, 3 әлеуметтік нысан) елді мекендерінде, сондай-ақ Теректіде Ақсоғым ауылында (531 абонент, 4 әлеуметтік нысан) электр жарығы қалпына келтірілді.

«Қазіргі кезде Сырым ауданында Алғабас елді мекенінде 19 абонент, Теректіде Үлкен Еңбек ауылында 385 абонент, 3 әлеуметтік нысан жарықсыз қалып отыр. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары