«Талибан» Германияға ауғанстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізуді ұсынды

Azattyq Rýhy

Германияда ауғанстандық мигрант полиция қызметкерін пышақтап, бірнеше адамды жаралаған

«Талибан» Германияға ауғанстандықтарды қайтару туралы келіссөз жүргізуді ұсынды
Фото: Bild

«Талибан» қозғалысы Германияға Ауғанстан азаматтарын қайтару туралы келіссөз жүргізуді ұсынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Германия канцлері Олаф Шольц Бундестаг алдында террорлық қауіп төндіретін мигранттарды Ауғанстан мен Сирияға депортациялау мәселесін көтерген. Шольцтың мұндай бастаманы көтеруіне Мангейм қаласындағы оқиға себеп болды. Онда ауғанстандық мигрант полиция қызметкерін пышақтап, бірнеше адамды жаралаған.

Германия билігі Ауғанстан азаматтарын өз еліне депортациялауды 2021 жылы «Талибан» қозғалысы билікке келген кезде тоқтатқан. Германия Талибанның билігін мойындамайды.

«Ауғанстан азаматтарын Германиядан депортациялау шешімін қадағалап отырғанын және екі ел де бұл мәселені дипломатиялық жолдар арқылы шеше алатынына үміт білдіреді. Ауғанстан Ислам Әмірлігі Германия билігін бұл мәселені қалыпты консулдық өзара іс-қимыл және екіжақты келісімге негізделген тиісті механизм арқылы шешуге шақырады», - деп мәлімдеді Ауғанстанның сыртқы істер министрлігі.

Олар Германиядан ауғанстандықтарды Пәкістан арқылы экстрадициялау мүмкіндігін жоққа шығарып, мұны халықаралық конвенцияларды бұзу деп атады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.