15 жыл бұрын адам өлтірген күдікті ұсталды
Ол танысын пышақтап өлтірген
Сочиде тәртіп сақшылары 15 жыл бұрын кісі өлтірді деген күдікпен Армения азаматын ұстады. Бұл туралы Ресей тергеу комитетінің Краснодар өлкесі бойынша тергеу басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі EurAsia Daily басылымына сілтеме жасап.
«Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Сочи қаласы бойынша тергеушісі 2009 жылы ер адамды өлтіру туралы қылмыстық істі тергеу аясында іздеуде жүрген Армения Республикасының азаматын ұстады (Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі). Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Тергеушілердің айтуынша, кісі өлтіру дискотекалардың бірінің жанында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мен оның танысы арасында жанжал туындап, ол қарсыласын пышақтап, қылмыс орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші ауруханада қайтыс болып, қылмыскер іздеуге жарияланды.