$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Париж олимпиадасында сегіз дзюдошымыз жүлдеге таласады

Жалпы 14 салмақ бойынша әлемнің 105 мемлекетінен 355 спортшы Олимпиадада өнер көрсетеді

Париж олимпиадасында сегіз дзюдошымыз жүлдеге таласады
Фото: istockphoto.com

Дзюдодан 2022 жылдың 24 маусымынан басталған әлемдік іріктеу кезеңі толыққанды аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде 2 жыл бойы бозкілемде белдесіп, жоғары ұпай жинаған 8 жерлесіміз Париж төрінде жүлдесуге таласуға мүмкіндік алды.

Рио және Токио Олимпиадасына 6 спортшымыз барған болатын.

Жалпы 14 салмақ бойынша әлемнің 105 мемлекетінен 355 спортшы Олимпиадада өнер көрсетеді. Тек Франция мен Жапония ғана барлық салмақта бақ сынайды.

Ерлер

60 келі. Елдос Сметов

66 келі. Ғұсман Қырғызбаев

73 келі. Данияр Шамшаев

81 келі. Абылайхан Жұбаназар

100 келі. Нұрлыхан Шархан

Әйелдер

48 келі. Абиба Абужақынова

+78 келі. Камила Берліқаш

Аралас командалық сайыс

63 келі. Эсмигул Куюлова

Бұған дейін жүлде алған сәттеріміз:

Токио Олимпиадасы — 1 қола

Рио Олимпиадасы — 1 күміс, 1 қола

Бейжің Олимпиадасы — 1 күміс

Серіктес жаңалықтары