Осы жылдың қыркүйегіне дейін Құлсарыда 100 тұрғын үй салынады
Бүгінде олардың 48-інің құрылысы басталды
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Атырау облысындағы су тасқынының зардаптарын жою барысын бақылауда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Атырау облысында 2663 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Оның нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарлануда:
- 104 тұрғын үй құрылысы;
- 1 424 тұрғын үй сатып алу;
- 1 135 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.
«Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін жоспарланған 100 тұрғын үйдің 48-інің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын а.ж. қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарлануда. 1 424 тұрғын үйді сатып алу жоспарланса, 980 үй сатып алынған. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін тұрғын үйлер бойынша, 795-інде жөндеу үдерісі басталып кетті», - делінген хабарламада.
Жұмыстар инфрақұрылымды қалпына келтіріп, тұрғындарды тез арада жаңа баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.