07.06.2024, 08:00
Жаңалықтар
Михаил Кукушкин Ұлыбританиядағы челленджер турнирінде ширек финалға шықты
Ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 201-ракеткасы Билли Харриспен таласады
Фото: Olympic.kz
Әлемнің 136-ракеткасы, қазақстандық Михаил Кукушкин Сурбитон (Ұлыбритания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандық спортшы екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 308-орында тұрған корт иесі Пол Джубпен ойнаған болатын.ү
Бірінші партияда ұлыбританиялық спортшы айқын басымдылық танытты – 6:1. Кейін Кукушкин камбэк жасады – 6:3, 6:2.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде Кукушкин 3 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті. Джубб 3 эйс, 3 брейкке (7 брейк-пойнт) қол жеткізді.
Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 201-ракеткасы, тағы бір ұлыбританиялық Билли Харриспен таласады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды