06.06.2024, 15:25
Жаңалықтар
Жетісуда аудан әкімі 120 гектар жерді заңсыз беріп жіберген
Прокуратура оны әкімшілік жауапкершілікке тартты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Жетісу облысы Ескелді ауданының әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзіне сүйенсек, бұл әкім шаруа қожалығын конкурсқа қатыстырмай-ақ оған 120 гектар жер беріп жіберген. Яғни, Жер кодексінің 14-1,35 және 43-1-баптарын бұзған.
«Қадағалау актісі бойынша бұл жерлер мемлекетке қайтарылды. Жалпы, жыл басынан бері Жетісу прокурорлары кадастрлық құны жарты миллиард теңгеден асатын 103 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарды», - деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.
Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген, мақсатты түрде пайдаға жаратылмаған. Сонымен қатар, біреулерге жер заңнамасын бұза отырып берілген.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды