Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп Ресейде «Үздік ойыншы» атанды
2 маусымда құрамында қазақстандық қорғаушы бар «Зенит» Ресей кубогының суперфиналында жеңіске жеткен еді

Қазақстан ұлттық құрамасының және Санкт-Петербургтің «Зенитінің» қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей кубогының суперфиналының үздік ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
«Сіз өз таңдауыңызды жасадыңыз! Нұралы Әліп – «Зенит» жанкүйерлерінің пікірінше, ел кубогының суперфиналындағы үздік ойыншы!Браво, Нурик!» - деп жазды Зениттің баспасөз қызметі Ресей кубогының финалдық ойынындағы ең үздік футболшы атағына жанкүйер дауыс берудің нәтижесі туралы.
Айта кетейік, 2 маусымда құрамында қазақстандық қорғаушы бар «Зенит» Ресей кубогының суперфиналында калининградтық «Балтикамен» ойнаған болатын. 95-минутта 1:1 есебі кезінде Әліп жеңіс голын соқты.