04.06.2024, 02:00
Жаңалықтар
«Жолдамаға үш үміткер таласады»: дзюдодан олимпиадаға баратын балуанды анықтау үшін іріктеу өткізіледі
Іріктеу 7 маусым күні Алматыдағы оқу-жаттығу жиыны аясында өтеді
Фото: Olympic.kz
Қазақстан дзюдо федерациясы 60 келі салмақта Олимпиадаға қатысатын спортшыны анықтау мақсатында үміткер үш спортшы арасында іріктеу белдесулері өткізілетінін мәлімдеді, деп деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Іріктеу 7 маусым күні Алматыдағы оқу-жаттығу жиыны аясында өтеді.
Айта кетелік, Халықаралық дзюдо федерациясы мен Халықаралық Олимпиада комитетінің ережесі бойынша, жазғы Олимпиада ойындарында дзюдодан әр салмақта бір елден бір спортшы ғана қатыса алады.
«Қазіргі таңда IJF олимпиадалық рейтингінде 60 келі салмақта Қазақстаннан үш спортшы жолдамаға үміткер боп отыр. Олар: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов және Мағжан Шамшадин», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды