«Шындыққа жанаспайды»: Қазақстан футбол федерациясы жаңа бапкердің жалақысы туралы

Azattyq Rýhy

Федерация Станислав Черчесовтің жалақысын жариялаған жоқ

«Шындыққа жанаспайды»: Қазақстан футбол федерациясы жаңа бапкердің жалақысы туралы
Фото: kff.kz

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесовтің жалақысы туралы ақпарат асыра көрсетілген және шындыққа сәйкес келмейді. Мұндай мәлімдемені Қазақстан футбол федерациясы жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алайда федерация бапкердің жалақысы туралы ақпаратты жарияламайтынын мәлім етті.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде бапкердің жалақысы тым жоғары деген қауесеттер тараған болатын.

«Келісімшарттың құпиялығын сақтай отыра бапкердің жалақысы жария етілмейтінін хабарлаймыз. Келісімшарт бюджет тарапынан қаржыландырылмайды. Ал Магомед Адиевпен келісімшарт екі жақтың келісімімен тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, күні кеше ғана Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.