Ауа райы болжамы: өңірлерде найзағай ойнап, күн бұлтты болады

Azattyq Rýhy

Кей аймақта екпінді жел соғады

Ауа райы болжамы: өңірлерде найзағай ойнап, күн бұлтты болады

Бүгін еліміздің еліміздің 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Аймақтардың басым бөлігінде найзағай күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай облысы

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік- батыстан жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы

Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік күтіледі. Көкшетау қ.: 03 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Жамбыл облысы

Күндіз 03-05 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 03 маусымда таңертең және күндіз, 04-05 маусымда тәулік бойы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. 03-05 маусымда Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Өскемен қ.: 03 маусымда найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 03 маусымда найзағай күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 03 мамырда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 03 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Обылыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі, слтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: 03 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 03 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Жетісу облысы

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 03 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қауіпі, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 03 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан қ.: 03 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.