03.06.2024, 04:00
Жаңалықтар
«Жетісу» футбол клубының жетекшісі қамауға алынды
Талдықорған футбол командасы жетекшісінің ұсталу себебі айтылмады
Фото: istockphoto.com
«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, сот шешімімен Д-ны 2 ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпас шарасы санкцияланған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», — деп түсініктеме берді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.
Талдықорған футбол командасы жетекшісінің ұсталу себебі айтылмады.
Бұған дейін бірқатар БАҚ «Жетісу» футбол клубының директоры мен осы аттас әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды