02.06.2024, 17:40
Жаңалықтар
ХАМАС толық жойылғанға дейін соғыс тоқтатылмайды – Нетаньяху
Израиль премьер-министрінің кеңсесі мәлімдеме жасады
Фото: Euronews
Израиль премьер-министрінің кеңсесі АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдемесін жоққа шығарды. Байден жуырда ХАМАС кепілге алынғандар босатқан жағдайда Израиль Газа секторынан әскерін шығаруға дайын екендігі туралы айтқан болатын. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Израиль соғысты аяқтау шарттарын өзгерткен емес. ХАМАС-тың әскери және басқару мүмкіндіктері жойылып, кепілге алынғандар толықтай босатылған жағдайда, сол сияқты Газа енді Израильге қауіп төндірмейтінін уақытта ғана соғыс тоқтайды», - делінген премьер-министр кеңсесінің мәлімдемесінде.
Нетаньяху кеңсесі бұл талаптар орындалмаса, Израиль соғысты тоқтатпайтынын хабарлады.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды