02.06.2024, 18:18
Жаңалықтар
Израильдің Германиядағы елшісі Газа секторындағы бейбіт тұрғындардың өліміне ХАМАС-ты айыптады
Ол ХАМАС-тың көздеген мақсаты туралы айтты
Фото: Bild
Израильдің Германиядағы елшісі Рон Просор Газа секторындағы бейбіт тұрғындардың өліміне ХАМАС ұйымы жауапты деп санайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Біздің мемлекеттік мақсатымыз – палестиналықтарды жою емес. Ал ХАМАС-тың бар мақсаты – бізді құрту. Міне айырмашылық осыда», - деді Просор.
Израильдің Германиядағы елшісі палестиналық бейбіт тұрғындардың қазасына қатысты сынды қабылдамайтынын айтты. Просордың айтуынша, Израильдің ХАМАС-тан айырмашылығы – бейбіт тұрғындарға шабуыл жасамайды.
«Бұған біз емес, ХАМАС жауапты. Себебі олар бейбіт тұрғындарды лаңкестік әрекеттеріне қалқан ретінде пайдаланады», - деді ол.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті