02.06.2024, 10:45
Жаңалықтар
Атырау облысында 84 жастағы әжей мен оның баласы өртенген үйде қалып қойған
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Фото: ҚР ТЖМ
Атырау облысының өрт сөндірушілері екі адамды аман алып қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, Атырау қаласындағы жеке тұрғын үйде диван өртенген.
«Құтқарушылар үйден 60 жастағы ер адам мен оның 84 жастағы анасын алып шықты.
ЦМК қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)