Жуырда әскери техникалар өңірлерге теміржол арқылы жіберіледі

Azattyq Rýhy

Ведомство осыған байланысты арнайы мәлімдеме жасады

Жуырда әскери техникалар өңірлерге теміржол арқылы жіберіледі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Жаңа оқу кезеңінің басталуына орай 3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өтпек. Осыған байланысты жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі полигондарға жеткізіледі. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеті мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланатын болады.

«Осыған байланысты, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», - делінген қорғаныс ведомствосы хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.