30.05.2024, 06:40
Жаңалықтар
Атырау облысында су сору жұмыстары кезінде 23 жасар құтқарушы жігіт қайтыс болды
Оқиғаның мән-жайы анықталуда
Фото: Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Атырау облысында су сору жұмыстары кезінде 23 жасар құтқарушы жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, 29 мамырда Атырау облысы Жылой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі 2001 жылы туған азаматтық қорғау сержанты Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
«Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде есімізде мәңгі қалады. ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты