Алматыда жезөкшелікпен айланысқан 7 шетелдік ұсталды
Аталған дерек бойынша құқық бұзушыларға қатысты заңнамалық шаралар қолданылды
Алматыда жезөкшелікпен айланысқан 7 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Көші-қон қызметі оларды «Стоп трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтаған.
«Тексеру барысында Наурызбай ауданындағы үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысатын орынға айналған жеке тұрғын үй анықталды. Ұсталған он екі адамның жетеуі – көші-қон заңнамасын өрескел бұзған шетел азаматтары. Аталған дерек бойынша құқық бұзушыларға қатысты заңнамалық шаралар қолданылды», - деді қалалық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.
Сонымен қатар департамент баспасөз қызметі интимдік қызмет көрсетілген үйдің иесі Наурзыбай аудандық ПБ-ның қызметкерлері тарапынан жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.