$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Антикор: алаяқтық фактілері үшін сотталғандардың тізімі жарияланды

Пара бергені үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Антикор: алаяқтық фактілері үшін сотталғандардың тізімі жарияланды
Фото: Istockphoto

Қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін пара бергендер сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атап айтқанда, «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары» ЖШС өкілдіктерінің бұрынғы директоры Жүсіпов М. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкімімен 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ол мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына аса ірі мөлшерде дәнді дақылдарды жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін 350 мың АҚШ доллары сомасында пара беру бойынша күдіктенді. Осы үкіммен пара беруге итермелегені және алаяқтыққа оқталғаны үшін И. Барабаш пен Т. Демесинов әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар Қостанай қаласы № 2 сотының үкімімен Қостанай адвокаттар алқасының адвокаты О.В. Бранцевке қатысты үкім жарияланды. Ол алаяқтық пен пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. О.В. Бранцев құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін пара беру сылтауымен өзінің қорғаушысы А.К. Сансызбаевтың 600 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын заңсыз иемденген. Оған параның 20 еселенген сомасы 12 млн теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалып, мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.

Пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдар пара алушылармен қатар шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігінен айырылғанын еске саламыз, де песке салды Антикор.

Пара бергені үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлікті тәркілеу, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыру, әскери атақтардан, сыныптық шендерден, мемлекеттік наградалардан және т.б. айыру көзделген.

Азамат құқық қорғау органына өз еркімен хабарлаған немесе оған қатысты бопсалау орын алған жағдайда ғана пара бергені үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Барлық басқа жағдайларда пара беруші қылмыстық жазаға тартылады.

Өз кезегінде жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы төленетінін еске саламыз.

Серіктес жаңалықтары